Ауа райы болжамы: бірнеше өңірде үсік жүреді
Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша 10- қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлытау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында және орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Шымкент және Түркістан қаласында найзағай ойнайды, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр, облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Күндіз 10 қыркүйекте Ақмола, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды, Абай облысында, Шығыс Қазақстанда топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл және Жетісу облысының тау және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау және таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.