$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниясының директоры синтетикалық есірткі сатумен айналысқан

Елордада есірткі қылмысы сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниясының директоры синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
Мемлекеттік күзет қызметі

Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниясының директоры синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

МКҚ мәліметінше, "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордада құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен іс-шарасы өтіп, нәтижесінде синтетикалық есірткі сататын "арна" жойылған.

"9 қыркүйекте Сығанақ көшесіндегі арнайы тасжолда мұқият жоспарланған бірлескен операция барысында Мемлекеттік күзет қызметінің жедел бөлімшелері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін Nissan Teana маркалы автокөлігінің жүргізушісі - елорданың 35 жастағы тұрғыны, құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын ЖШС директоры ұсталды", - делінген хабарламада.

МКҚ мәліметінше, ұсталған адам кінәсін мойындаған. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іске қатысы бар азамат Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Елордада есірткі қылмысы сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары