09.09.2022, 01:56
Жаңалықтар
Талдықорған маңында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті
Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге сүйреген
Фото ашық дереккөзден
Талдықорған қаласының маңында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
«8 қыркүйек күні таңертең пойыз бен ВАЗ-2109 көлігі соқтығысты. Аталған факті Ескелді ауданында тіркелді. Анықталғандай, жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі локомотивтің таянып қалғанына қарамастан, теміржол өткелінен жылдам өтіп кетпек болған. Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге сүйреген. Көлік салонында болған үш адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция мәліметінде.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
21.11.2026, 11:00
Сот FlyArystan-ға қатысты Сауда министрлігінің талабын қолдады: жолаушылар құқығы бұзылған
21.11.2026, 10:00
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды
