Қостанайдағы өрт кезінде жоғалған 8 адамның біреуі әлі іздестірілуде
Қазір арнайы комиссия өрттің шығу себебін анықтап жатыр
Қостанай облысындағы өрт кезінде жалпы 8 адам жоғалып, бүгінде оның жетеуі табылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде жалпы 8 адам жоғалды. Оның жетеуі табылды. Ал 1 адам әлі іздестіріліп жатыр. Ол 56 жастағы Аманқарағай ауылының тұрғыны. Іздестіру нәтижелері бойынша қосымша хабарлайтын боламыз. Жалпы бүгінгі кезеңге Ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері мен облыстық прокуратура бірлесіп, ведмоствоаралық комиссия құрды. Олар өрттің шығу себебін анықтаумен айналысып жатыр. 3 қылмыстық іс қозғалды. Өртке себеп болуы мүмкін әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз», - деді Дүйсембай Байбосынов.