$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан азаматқа 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

Ол екі пәтерді жалға алып, заңсыз ойын орнын ашқан

Қызылордада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан азаматқа 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық ісі бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы Марат Даулетов осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі пәтерді жалға алып, заңсыз ойын орнын ашқан.

«Заттай дәлелдеме ретінде танылып, ойын орнынан 20 компьютер, 4 ZOOM ойын аппараты, 1 модем, ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Сарапшы қорытындысымен және куәгерлердің жауабымен М.Даулетовтың кінәсі толығымен дәлелденіп, оған сот шешімімен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары