«Фильм түсіруге реквизит ретінде пайдаланған»: Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

Azattyq Rýhy

Жалған көлік авторларына заң аясында шара қолданылады

«Фильм түсіруге реквизит ретінде пайдаланған»: Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар «Hyundai» автокөлігін ұстаған.

Кейін анықталғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған.

«Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді» , - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция өкілі, жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылғанын және оның авторларына заң аясында шара қолданылатынын атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.