$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2020, 21:49
Жаңалықтар

Атырауда жаппай төбелеске қатысқан қазақстандық жұмысшыға сот үкімі шықты

26 жастағы жылойлық азамат тағылған айыппен келіспеді

Атырауда жаппай төбелеске қатысқан қазақстандық жұмысшыға сот үкімі шықты

Атырауда Теңіз кенішіндегі жаппай төбелеске қатысты деген қазақстандық жұмысшыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Қоғамдық тәртіпті бұзды, күш қолданды және үш арабты ұрып-соқты» деп айыпталған СCEP компаниясының бригадирі Жылыой аудандық сотының шешімімен 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-тармағы негізінде іс бойынша 2019 жылдары үйқамақа және күзетте ұстауда болуына байланысты ҚК 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен  тағайындалған 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы өтелген деп есептелді», – деді Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ. 

Сот бұдан өзге, жәбірленуші тарапқа 38 мың теңге төлеуді міндеттеген. 26 жастағы жылойлық азамат тағылған айыппен келіспеді.

Естеріңізге салсақ, жаппай төбелес былтыр  маусым айында «Теңізшевроил» кәсіпорнының ірі мердігерлерінің бірі СCEP компаниясы жұмысшыларының арасында болған еді. Шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың қақтығысында 30 адам жарақат алып, «Келешек» кеңею жобасының Үшінші буын зауытының құрылысы уақытша тоқтап қалған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары