Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады?
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қазақстандық судьялардың жалақысын айтты
Бүгін өңірдегі сот жұмысының 2019 жылғы қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла журналистердің судьялардың жалақысына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Timeskz.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз судьялардың қанша жалақы алатынын айтсақ, ешкім ренжіп қалмайды деп ойлаймын», дей келе Сәкен Абдолла Ақтөбе облысы бойынша сот әкімшілігінің басшысы Еркебұлан Сағынғановқа судьялардың жалақысын айтуын сұрады.
«Бірінші инстанция судьяларының барлығы 450-550 мың теңге көлемінде жалақы алады. Облыстық судьялардың жалақысы 600-700 мың теңге. Ең көп жалақы экономикалық соттағыларда. Олар 700-800 мың теңге алады. Олардың жалақысы облыстық соттағылардан да жоғары», - деді Еркебұлан Сағынғанов.
Ал Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла сот жүйесінде 34 жыл жұмыс істеп жатқанын және 792 мың теңге жалақы алатынын айтты.