СҚО-да тас жолда 7 бұзау жүк көлігінің астында қалды
Полицейлер мал иесін, Қызылжар ауданының 57 жастағы тұрғынын анықтады
СҚО-да тас жолда 7 бұзау жүк көлігінің астында қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түн ортасында малдың қатысуымен болған жол апаты Челябі-Новосібір автожолының 568 шақырымында Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылының бұрылысына жақын жерде орын алды. Петропавл қаласының 69 жастағы тұрғыны астық тасымалдайтын тіркемесі бар МАЗ автокөлігін жүргізіп келе жатып, кенеттен тас жолда пайда болған 7 бұзауды қағып кетті. Барлық жануарлар апат орнында жан тапсырды, көлікке механикалық зақым келді. Полицейлер мал иесін, Қызылжар ауданының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.
«Облыс тұрғындарынан малды мұқият бақылауды сұраймыз. Жолда қаңғыбас жануарлардың пайда болуы қайғылы салдармен жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін, сонымен қатар олар мал ұрлығы үшін оңай олжа болуы да мүмкін. Облыста еркін жайылымға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қаңғыбас малды арнайы вагондарға 3008 рет жеткізді. Облыста осындай арнайы 230 орын бар. Бұдан бөлек, облыс жолдарында жануарлардың макеттері орнатылды», — деп еске алады СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге тәуліктің қараңғы кезінде, жаңбырда, әсіресе жүк тиелген көлікті басқарған кезде аса сақ болуды ескертеді. Елді мекендерге жақын жерлерде, орман жолға жақын жерлерде жылдамдықты азайтып, жол белгілеріне назар аудару қажет.