$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр, найзағай, жел: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде салқын ауа райы сақталады

Жаңбыр, найзағай, жел: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 08-10 қыркүйектегі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс суық антициклоны салқын ауа райын сақтайды, тек Қазақстанның оңтүстігінде әлі жылы болады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 08 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ жаууы. Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтілуде.

Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы: түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы, батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы, орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы, оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.

Серіктес жаңалықтары