$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰБТ бейнежазбасы тексерілгеннен кейін 137 түлек грантынан айырылды

ҰБТ-2022 аяқталғанымен, сынақ тапсыру кезін түгел түсірген бейнежазбаларды тексеру әлі де жалғасып жатыр

ҰБТ бейнежазбасы тексерілгеннен кейін 137 түлек грантынан айырылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың сөзінше, бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылды. Олардың 137-сі білім беру грантының иегері болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін жарамсыз деп таныдық. Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр», - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізде болса, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 322 адам шығарылды.

Серіктес жаңалықтары