Асқар Мамин Нығматулинмен және Жақсыбековпен не үшін кездескенін айтты

Azattyq Rýhy

Үшеуінің фотосы әлеуметтік желілерде таралған болатын

Асқар Мамин Нығматулинмен және Жақсыбековпен не үшін кездескенін айтты

Асқар Мамин Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен фотоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Расымен, өткен жексенбі күні, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде туыстарымның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта қазақтың салт-дәстүрі бойынша «Сырға салу» іс-шарасы өтті. Бұл фотоға қатысты кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болжамдар орынсыз және арандатушылық болып саналады деп есептеймін», - деді Асқар Мамин.

Ол өз сөзінде еліміз қазір саяси трансформацияны қоса алғанда, дамуының тарихи кезеңінде екенін атап өтті.

«Осыған байланысты, жауапты уақытта біз Мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен теріс пиғылды адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек деп санаймын», - деп атап өтті Асқар Мамин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.