$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жезөкшелікпен айналысқандар тұратын төрт притон анықталды

Өзін массаж шебері ретінде таныстырған қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен

Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притонды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Притондардың бәрі өзгенің назарын аудармайтын жеке коттедж немесе қарапайым үй тәріздес болып көрінген.

«Іс жүзінде олай болмай шықты. Мұнда өзін массаж шебері ретінде таныстырған қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсының қандай да бір қылмысқа немесе құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды», – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заңбұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Серіктес жаңалықтары