04.09.2022, 12:56
Жаңалықтар
Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден
Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергелуде. 3 қыркүйек күні Хромтау ауданының кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды