$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде табиғи монополия саласындағы жұмысшылардың жалақысы артады

Бұл шара Президент Жолдауын іске асыру аясында қамтылмақ

Елімізде табиғи монополия саласындағы жұмысшылардың жалақысы артады
Фото ашық дереккөзден

Елімізде табиғи монополия саласындағы жұмысшылардың айлығын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, бұл шара Президент Жолдауын іске асыру аясында қамтылмақ.

«Табиғи монополиялар саласында "нақты" реформалар жүргізу талап етіледі. Осы саланы реттеудің жаңа тұжырымдамасы - "Тарифті инвестицияларға айырбастау" ұсынылады. Осы реформа аясында мүлік иелері есебінен салынатын инвестициларды ұлғайту, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар саладағы жұмыскерлердің жалақы деңгейін арттыру, одан әрі реттеуді табиғи монополиялар саласына озық инновациялар енгізуді ынталандыру жолымен жүзеге асыру және тағы басқа шаралар көзделген», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары