03.09.2022, 12:59
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Маңғыстау облысында қайғылы жол апаты орын алып, 3 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне “Шетпе – Жетібай” тас жолының 112/117 шақырымындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті.
ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды