03.09.2022, 13:23
Жаңалықтар
Мектепте бірқатар пәндерді оқыту сағаттары ұзарады
Оқу бағдарламалары да жаңартылмақ
Фото ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Жолдауда жаратылыстану-математика және тіл пәндеріне басымдық беруді тапсырған болатын. Осы орайда бүгінгі ҚР Үкіметінің отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі бірқатар пәндерді оқыту сағаттары ұзаратынын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары артады. Оқу бағдарламалары жаңартылады. 2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес, 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту бойынша сағаттар санын ұлғайту және қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады», - деді министр Асхат Аймағамбетов.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады