01.09.2022, 01:56
Жаңалықтар
Ақтөбеде жақында ғана түрмеден шыққан азамат 10 шақты үйді тонап үлгерген
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды
фото: otyrar.kz
Ақтөбеде жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған ер адам 10 шақты пәтерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ер адамның көрші аймақтың тұрғыны екені және жақында түрмеден босатылғаны анықталды. Ыстық ауа-райына байланысты көптеген азаматтар үйлердің терезелері мен есіктерін түнде ашық қалдырады. Түнгі уақытта күдікті үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, терезелері мен есіктері ашық тұрған үйлерден құнды заттар мен ақша алып кеткен», - деп көрсетті Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Нақты шығын сомасы есептеліп жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді