30.08.2022, 16:45
Жаңалықтар
Абай облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Тәртіп сақшылары Шар қаласында жедел жағдай тұрақты деп мәлімдеді
фото: 24.kz
Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелес бастаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Шар қаласының Жарма ауданында бір топ жас жігіттер арасындағы жанжалдың бейнежазбасы жарияланған.
«Аталған факті бойынша дереу тексеру амалдары басталып, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жанжалдың барлық мән-жайлары анықталуда», - деп көрсетті Абай облыстық ПД.
Қазіргі уақытта Шар қаласында жедел жағдай тұрақты.
Аталған факт Абай облысы Полиция департаментінің бақылауында.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы