Щучинскте мас жеткіншек біреудің көлігін айдап әкетіп, жол апатына түсті
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Ақмола облысының Щучинск қаласында 17 жастағы жеткіншек мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 тамызда сағат 02:30 шамасында патрульдік полиция батальонына белгісіз біреу Lada Kalina автокөлігін айдап әкеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Күдікті полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, «Петропавл – Нұр-Сұлтан» республикалық тасжолымен бос тасаламақ болған.
"Облыстық патрульдік полиция бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтатпақ болғанда жүргізуші жылдамдық режимін асырып, қашып кетпек болды. Ақыры көлікті басқара алмаған жеткіншек ағашқа соғылды. Дәрігерлер қолға түскен азаматтың ешқандай жарақат алмағанын анықтады, алайда алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды", - делінген хабарламада.