$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттік полицейлер қару-жарақ жасырылған екі орынды анықтады

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр

Шымкенттік полицейлер қару-жарақ жасырылған екі орынды анықтады
фото: Polisia.kz

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтық, “Бенелли” аңшылық мылтығы, “Штурм” полиция қалқаны және дене бронды жилеті, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі.

ҚР ҚК 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары