$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Елордада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті
фото: www.gov.kz

Елордада Конституция күніне орай Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Ата заңым – айбарым» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жиналған көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

 

«Бүгінгі мереке-әрбір қазақстандық үшін өте маңызды және мәртебелі күн. Біздің Конституция - қазақ халқының тарихи жеңісін, армандары мен мүдделерін заңды түрде бекіткен, бүкіл әлемге Қазақстан деп аталатын еркін елдің өмір сүруін ашқан беделді құжат. Елорда тұрғындары мен қонақтарына тамаша шығармашылық кеш сыйлай алғанымыз үшін қуаныштымыз», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.

Өнерпаздар Евгений Брусиловскийдің «Шашу», Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», Алтынбек Қоразбаевтың «Қазақстан» және т.б. шығармаларын орындады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#мереке