29.08.2022, 17:54
Жаңалықтар
Жітіқарада балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған оқушылар аман табылды
Жоғалған балаларды іздеуге полиция жасағы толығымен жұмылдырылды
фото: Қостанай облысы ПД
Жітіқарада балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған оқушылар аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жітіқаралық полицейлер балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған орталықтың екі тәрбиеленушісін іздеп тапты.
«13 және 14 жастағы екі қыз баланың жоғалғаны туралы ақпарат Жітіқара полиция бөлімінің кезекші бөліміне 28 тамызда сағат 11.30-да келіп түсті. Балаларды іздеуге полиция жасағы толығымен жұмылдырылды. Балалар қаланың ескі бөлігінен табылды», - деп көрсетті Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қыздар қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына қайтарылды.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
14.10.2026, 16:49
Жалақыны кешіктіру әдетке айналған: Есік қаласында дәрігерлер көмек сұрап, видеоүндеу жасады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды