28.08.2022, 01:38
Жаңалықтар
Жамбыл облысында шекара аумағынан қапқа салынған граната мен қару-жарақ табылды
Табылған қару-жараққа сараптама жасалады
фото: Жамбыл облысы ҚАЖД
Жамбыл облысында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері шекара аумағынан қапқа салынған қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысында республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстан - Қырғызстан шекара сызығынан шамамен бір шақырым жердегі ордан полиэтилен қапқа салынған қару-жарақ тапты.
«Өңірлік ҚАЖ департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері тәркілеген қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі «Тоз 8» маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар табылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
