$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Александар Лукашенко Батысты ядролық қарумен қорқытты

Беларусь Қарулы күштері ядролық қару қолдануға дайын екені айтылды

Александар Лукашенко Батысты ядролық қарумен қорқытты
Коллаж: 24 канал

Беларусь президенті Александр Лукашенко батысты ядролық қарумен қорқытты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Euronews-ке сілтеме жасай отырып.

Александр Лукашенко «Кімде-кім Минскімен қарым-қатынасын бұзса, сол одақтас елдермен бетпе-бет қалады.

«Егер Беларусь еліне қарсы қандай да бір арандату жасалса, біздің мақсатымыз айқын деп ескерткенмін», - деді ол журналистерге сұхбат бере отырып.

Лукашенконың айтуынша, Беларусь Қарулы күштері ядролық қару қолдануға дайын.

«Бізді атқылай бастаса, оларды ешқандай ұшағы да, тікұшағы құтқара алмайтынын түсіну керек» деді ол.

Жалпы, батыс елдерінің ойынша, Украинада соғыс басталғалы бері Беларусь Ресейді жақтап келеді. Бірақ 24 тамызда, яғни Украинаның Тәуелсіздік күні Лукашенко украиндарды егемендік күнімен құттықтап, «ашық аспан» тілеген. Бірақ Киев оның құттықтауын мазақ ретінде қабылдап, депутат Алексей Гончаренко «Украинаның келесі Тәуелсіздік күнінде Лукашенко бағанға асылып тұрады» деген еді.

Бұған жауап ретінде Лукашенко «Минскіге басып кіргісі келетіндерге ататын ядролық қаруымыз дайын» дегенді меңзеп сұхбат берген.

«Біз кезінде Путин (РФ президенті – ред.) екеуіміз Санкт-Петерборда кездескенде, Беларусьтің «Су» ұшақтарын ядролық қару ату үшін қолдануға болады деп мәлімдегенбіз. Бізді жай ғана айта салды деп ойлайсыздар ма? Бәрі дайын тұр», - деді А. Лукашенко.

АҚШ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ТРАМПТЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫН ТІНТУГЕ РҰҚСАТ БЕРГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАДЫ

АҚШ Әділет министрлігі елдің бұрынғы президенті Дональд Трамптың резиденциясында тінтуге рұқсат беретін сот шешімін бұқараға жария етті, деп хабарлады ВВС арнасы.

Тінту кезінде ФБР агенттері Трамптың резиденциясынан құпия құжаттарды тәркілеген болатын. Осы тінтуге негіз болған құжаттың редакцияланған нұсқасы жарияланса да, құжатта ФБР агенттері қандай мәндегі құпия қағаздарды іздегені анық жазылған.

Яғни, Трамп президент болып тұрған кезде Ақ Үйден заңсыз жолмен құпия құжаттарды алып шыққан деген күдік бар.

Фото: REUTERS

БАҚ-та жарияланбас бұрын 32 беттен тұратын құжаттың 11 беті жасырылған, яғни, көпшілікке көрсетілген жоқ. Демек, ол құжатта ақпарат жеткізіп, барлаумен айналысқандар туралы ақпарат бар болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Трамп өзінің ресми резиденциясынан Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына ресми құжаттар тасып алды деген күдікпен тергеу басталған.

ПЕНТАГОН УКРАИНАҒА 182 МЛН ДОЛЛАР БӨЛІП, NASAMS ЗЫМЫРАН РАКЕТАЛАР КЕШЕНІН САТЫП БЕРМЕК

АҚШ Қорғаныс министрлігі Украина қауіпсіздігіне қолғабыс ету үшін өзінің ұлттық компаниясымен келісімшарт жасай отырып, Украина еліне зениттік зымыран жүйелерін сатып беретін болды. Келісімшарт құны – 182,2 млн доллар. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Келісімшарттың орындалатын болжамды мерзімі – 2014 жылдың 23 тамызы», - деп жазылған Пентагонның хабарламасында.

Сонымен қатар осы апта ішінде АҚШ Украинаға 3 млрд доллар көлемінде жаңа әскери көмек берілетінін жариялады.

Серіктес жаңалықтары