Еуроодақ Ресейдің Украинаға зымыранмен жасаған соққысын айыптады
Шабуыл салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты, арасында балалар да бар
Ресей әскерінің зымыранмен соққы жасаған шабуылынан Украинада кемінде 25 адам қаза тапқан, арасында балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еуроньюс хабарлауынша, соққы салдарынан теміржол вокзалы мен жер үйлер қирап, ішінде жолаушылары бар вагон да өртеніп кеткен. Ресми Киев Мәскеудің бұл әрекетін Ресейдің тағы бір әскери қылмысы деп бағалады. Соққының астында Чапилно ауылы қалған. Ресей қанды оқиғаның болғанын ресми түрде мәлімдеді. РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше «Искандер» зымыранымен жасалған шабуылдан украиналық 200 жауынгер өліп, әскери техникалар жойылған.
Еуроодақ Украинаның Чапилно ауылындағы жағдайды талқылады. Жосеп Боррель оқиғаны «Ресейліктердің бейбіт тұрғындарға жасаған кезекті шабуылы» деп бағалады. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Мишель Бачелет өз кезегінде, аталған әскери қылмысты тергеп, кінәлілерді жауапқа тарту керек деді.
«Бейбіт тұрғындар мен қоршаған ортаға орасан зор қауіп туғызған шайқас жарты жылдан бері жалғасып жатыр. Мен Ресей президентін Украинаға қарулы шабуылды тоқтатуға шақырамын. Запорожьедегі зауытты жедел демилитаризациялау қажет», - деді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет.
БҰҰ Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада 5,5 мыңнан астам бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады, олардың басым көпшілігі Киевтің бақылауындағы аумақтарды атқылау нәтижесінде қаза тапты.
ЗЕЛЕНСКИЙ УКРАИНА ТҰРҒЫНДАРЫН ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ҚИЫН ҚЫС КҮТІП ТҰРҒАНЫН АЙТТЫ
Зеленский алдағы қыстың газ бағасына байланысты Украина тарихындағы ең қиын мезгіл болатынын айтты.
Ол Еуропада көгілдір отын бағасының 1000 текше метрі үшін 3300 доллардан асып кеткеніне назар аударды. Сонымен қатар мемлекет басшысы мұндай жағдайда Украина билігі қыс мезгіліне дайындықты жеңу үшін барлығын жасауға тырысып жатқанына сендірді.
«Ал бұл қыс мезгілі біздің тарихымыздағы ең қиын кезең болады», - деді саясаткер.
Ол сондай-ақ газдың «аса қауіпті әрі өткір» мәселе екеніне назар аударды.
Фото: ReutersЖуырда Канада Украинаға жылу беру маусымының басына дейін газ сатып алу үшін қаржылай көмек ретінде 450 миллион канадалық доллар (шамамен 350 миллион АҚШ доллары) бөлетінін хабарлан еді. Ал «Нафтогаз Украины» басқарма басшысы Юрий Витренко компанияның жылу беру маусымына дейін 19 миллиард текше метрлік қоймалардағы қажетті газ көлемін жинақтауы екіталай екенін айтты.
РИГАДА КЕҢЕС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ БҰЗЫЛДЫ
Ригада кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштің орталық элементі – «Кеңес Латвиясы мен Риганы фашист басқыншыларынан азат етушілерге арналған Кеңес армиясы жауынгерлеріне арналған ескерткіш» деп аталатын 79 метрлік стелла бұзылды.
Осыдан бірнеше күн бұрын мүсіндер демонтаждалған болатын. Жеңіс саябағындағы мемориалдық кешенді бұзуды қараша айының ортасына дейін аяқтау жоспарланған.
Фото: The Associated Press
Латвияда көпшілік мемориалдық кешенді «басқыншылықтың ескерткіші» деп атады.
Мамыр айында Латвия билігі Ресеймен мемориалдық құрылымдарды сақтау туралы келісімді бұзды, ал маусымда олар бүкіл ел бойынша бірнеше ондаған кеңестік ескерткіштерді бұзу туралы шешім қабылдады.
ҚЫРҒЫЗ БИЛІГІ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТЕРДІ РЕЗИДЕНЦИЯДАН ҚУЫП ШЫҚПАҚШЫ
Жогорку Кенеш депутаты Жеңишбек Токторбаев («Ата-Журт» Қырғызстан) «Қырғыз Республикасы президентінің қызметіне кепілдіктер және Қырғыз Республикасының экс-президентінің мәртебесі туралы» заңға өзгертулер енгізуді ұсынады.
АКИpress хабарлауынша, қазіргі уақытта экс-президент мемлекеттік резиденциядағы мемлекеттік саяжайды және мемлекеттік күзет, үкіметтік байланыстарды тегін пайдаланады. Одан бөлек, Қырғызстан президентінің айлық жалақысының немесе зейнетақысының 75 пайызы көлемінде ай сайынғы өмір бойы жәрдемақы алуға құқылы.
Депутаттың айтуынша, мұндай өзгеріс ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ ол нақты соманы атамады. Токторбаев бұл тақырыпты алғаш рет шілде айының ортасында да көтерген еді. Ол кезде тек мемлекеттік қорғау туралы тақырыпты талқылауға салған.
«Қандай еңбегі үшін, қандай «шиши» үшін оларға мемлекеттік күзет керек? Жалпы, барлық сақшыны атып тастау керек, троллейбусқа мінсін», - деді депутат.
Роза Отынбаева маусым оқиғасына қатысты сотқа тартылатын Уақытша үкімет мүшелерінің тізімінде жоқ («Қызмет бабын асыра пайдалану»).
Сондай-ақ экс-президент Жээнбековпен 2020 жылдың қазан айында биліктен кетіру кезінде жасалған келісімдер пакеті болуы мүмкін. Екі экс-президент те қазір мемлекеттік резиденцияда тұрады. Заңға өзгеріс енгізілсе екеуі де үйсіз қалуы мүмкін.