$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде Ертіс суы көбіктеніп жағымсыз иіс шығуына байланысты тексеріс басталды

Өзен суының қалай ластанғанын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр

Өскеменде Ертіс суы көбіктеніп жағымсыз иіс шығуына байланысты тексеріс басталды
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде Ертіс суы көбіктеніп жағымсыз иіс шығуына байланысты тексеріс басталды. Тұрғындар өзеннің мөлдір суы сабын төгілгендей лайланып кеткенін байқап дабыл қаққан болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеожазба авторының сөзінше, өткен жексенбі күні өзеннің Ғашықтар аллеясы тұсы ластанған. Ол судың арнасы ағарып кеткенін көрсетіп, одан жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтады. Өзеннің қала ортасымен өтетін бөлігі болғандықтан, жақын аймақта ешқандай өндіріс ошағы да жоқ екен. Сондықтан химиялық қалдықтар құйылуы мүмкін деген болжам қарастылмайды. Қазір экологтар өзен суынан сынама алып тексеріс жүргізіп жатыр. Су деңгейі төмендеп кеткендіктен жағада дақтар қалған. Жағымсыз иіс те қолқаны жарады.

 «Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мамандарымен оқиға орнына жедел жетіп, судың ластану дерегі  расталды. Бірақ қалай ластанғанын анықтау мүмкін болмады. Алынған сараптама қортындысы әзірге дайын емес», - деді ШҚО экология департаменті зертхана-сараптама бақылау бөлімінің бас маманы Айнагүл Тоқанова.

Серіктес жаңалықтары