25.08.2022, 22:45
Жаңалықтар
Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов майор шенін алды
Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады
Instagram/qriim_mvdrk
Алматы қаласында жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен майор шенін алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін осы атаққа лайық деп бағаланды. Ал оның жанында болған лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Айта кетейік, Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев бүгін Алматыда дәретханадан жаңа туған нәрестені аман алып шыққан болатын.
Көп оқылған
16.02.2026, 11:10
Құрбан айттан кейін жоғалып кеткен: Таразда қызы мен немересі «өлді» деп таныған әже тірі болып шықты
16.02.2026, 16:49
БҚО-дағы дүкендердің бірінде азық-түлік бағасы рубльмен көрсетілген
16.02.2026, 14:27
«Тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын есепті біледі»: Қазығұртта төрт жасар «wunderkind» бала тұрады
16.02.2026, 17:41
«Екі әріпті ақысыз түзеп береді»: Қазақстанның әуежайларында жаңа ереже қолданысқа енді
16.02.2026, 10:15
Шоумен Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды