$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында ауыл тұрғындары тас жолдың тең жартысын айналып өтуге мәжбүр

Райымбек ауылдық округі әкімінің айтуынша, жуырда ауыл ішінен жол салынады

Алматы облысында ауыл тұрғындары тас жолдың тең жартысын айналып өтуге мәжбүр
Алматы арнасы

«Жолымыз болмағасын, жол тәртібін бұзамыз». Осылай деген Алматы облысы Бұлақты ауылының тұрғындары тас жолдың тең жартысын айналып өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Енді бірі қарсы бағытқа шығып, өмірін қатерге тігеді екен. Мұның бәрі көшемізді көлденеңінен жауып тастағаннан деп налиды жұрт. Ал жергілікті әкімдік республикалық маңызы бар жолға билігіміз жүрмейді, бірақ ауыл ішінен жол тауып береміз деп отыр.

Жол жиегіне жиналған жергілікті жұрт бүгін жұмыстан қалды. Өйтпеске амал жоқ, күнделікті өтіп жүрген көшені Үлкен айналма жолдың құрылысын жасау үшін бөгеп тастапты.

Күніне 48 мың көлік жүріп өтетін Алматы-Бішкек тас жолын көлденең кесіп өту де оңай емес. Алайда ауыл адамдары амалсыздан өмірін қатерге тігеді.

«Біздің көшеге шығатын жалғыз жол бар. Қазір қазып жатыр. Бізге үйге кіру үшін жол қалдырған жоқ. Келді де жауып тастады», – деді Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Марат Бимағамбетов.

«Қырық шақты үй бар, әрқайсысының үйінен бес-алты адам шыққанда, азанда бәрі жұмысқа кетеді автобусқа отырады. Жолдың арғы бетінен кешке қайтады. Ешқандай өту, не кету деген жағдай жоқ. Не аялдама жоқ», – деді Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Нұрлан Рүстембеков..

Ал Райымбек ауылдық округінің әкімі жағдайды білемін, бұл даудың басы-қасында жүрмін деп ақталды. Оның айтуынша, жуырда ауыл ішінен жол салынады.

«Қазіргі таңда ауылдың ішінен өтіп кететін жол бар. Наурыз көшесіне шығатын. Ол жол шаң, құрылыс жүріп жатыр. Қазір Үлкен айнала автокөлік жолын салып жатқан мекемемен сөйлесіп, халық жүру үшін сол жерді түзетіп, көмектесеміз», – деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев.

«Біз жолды жауып тастадық. Бірақ тұрғындарға басқа жерден жол ашып береміз деп келістік. Халықпен бұл туралы сөйлесіп, келісімге келгендей болдық. Бұл мәселе жергілікті әкімдікпен бұған дейін де бірнеше мәрте талқыланған еді», – деді құрылыс компаниясының ресми өкілі Екатерина Жирова.

Ал мамандардың айтуынша,  Бакад айналма жолының құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. 

 

Серіктес жаңалықтары