$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді»: ІІМ өкілі әншілерге ескерту жасады

Осыған дейін Mad Men тобы осы есірткі қылмысы бойынша ұсталған болатын

«6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді»: ІІМ өкілі әншілерге ескерту жасады

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов елімізде есірткіні түрлі әдістермен насихаттайтындардың жауапқа тартылатынын айтты. Олардың ішінде рэперлер, графити суретшілері, түрлі сайттар кіретіні атап өтілді, деп хабарлады Elorda.info.

Басқарма бастығы елімізде жасөспірімдер мен жастардың әсіресе рэперлер мен әншілерге еліктеушіліктерінің басым екенін жеткізді.

«Жастар бүгінде рэп айтатын түрлі топтарға еліктейді. Мысалы біз осыған дейін Mad Men тобын осы есірткі қылмысы бойынша ұстаған болатынбыз. Олар өз кезегінде жастар арасында өте танымал топ. Біз мұндай оқиғалардан соң бәріне мұқият назар аударатын болдық. Мәселен, қазір рэп айтып жүргендердің әндерінің мәтіндерінде марихуана тағы да басқа есірткілер туралы сөздер қосылып жүр. Бұның өзі есірткіні насихаттау болып саналады. Бұрын мұндай әрекеттерге тек әкімшілік жаза қолданылса, бүгінгі таңда қылмыстық кодекстің 299-1 бабы бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді Әмірхонов.

Басқарма бастығының мәліметінше, осы бап бойынша бүгінгі таңда 79 іс тіркелген. Ол бұл істерге жаза қолданбас бұрын нақты дәлелдер мен арнайы сараптама жүргізілетінін де айтып өтті.

«Ол үшін де арнайы сараптамалар жүргізіледі. Біз желілерден өзіміздің арнайы мамандарымыз арқылы бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, мұқият қараймыз. Мәтінінде есірткі туралы бір сөз бар екен деп бәрін жауапқа тарта алмаймыз. Айтып кеткенімдей, оны насихаттаушыларды тергеп, ән болса әнін, белгілі бір киім мен суреттер болса, оны сот сараптамасынан өткізіп барып жауапқа аламыз. Бұл жерде әкімшілік те, қылмыстық та кодекс қарастырылады.

Алматыда жақында рэп жазған осындай бір топ мәтінін сараптамадан өткізіп, 296-бап бойынша тіркедік. Қазір тергеу, тексеру амалдары жүріп жатыр. Біз мұндай мәтіндерге бірден көңіл бөлеміз», – деп қосты Әмірханов.

Серіктес жаңалықтары