$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бюджетке жыл басынан бері 8 трлн теңге салық түсті – комитет

Республикалық бюджет 100,3% орындалды

Бюджетке жыл басынан бері 8 трлн теңге салық түсті – комитет

2022 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңге салық түсімдері кірістелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 557,1 млрд. теңгеге салықтық түсімдердің өскені байқалады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 104,6% орындалды. Жоспар бойынша 7 740,9 млрд теңге, 352,2 млрд теңгеге асыра орындалды, нақты түскені – 8 093,2 млрд теңгені құрады.

Ооның ішінде:

  • Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша 5 417,9 млрд теңге, 18,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 436,1 млрд теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 934,6 млрд теңгеге өсті.
  • Жергілікті бюджет 114,4% орындалды (жоспар бойынша 2 323,0 млрд теңге, 334,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 657,1 млрд теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,6% немесе 622,4 млрд теңгеге өсті.

«2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 731,2 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 490,7 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 333,9 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 199,8 млрд теңгеге немесе 46,0%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 90,2 млрд теңгеге немесе 18,9%-ға және пайдалы қазбалар өндірісіне салық 71,1 млрд теңгеге немесе 35,1%-ға өскені байқалады», - делінген ведомство хабарламасында.

Түсімдердің өсуіне әсер ететін факторлар бар. Ведомствоның хабарлауынша 2022 жылы 7 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнай (63,3%), мырыш (30,9%), алюминий (30,6%), қорғасын (5,5%), мыс (3,2%) және алтын (2,6%) бағасының өсуі байқалады.

«Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 53,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 7 айында – 57,9$, 2022 жылғы 7 айында 1 тонна үшін – 88,6$).

Биыл 7 айда үшінші елдермен тауар айналымы 48,9%-ға өсті (экспорт 61,1%-ға, импорт 21,7%-ға өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 6 айда өткізу бойынша айналым 18,4%-ға ұлғайды (51 627 млрд. теңгеден 61 140 млрд. теңгеге дейін)», - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары