$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2019, 12:55
Жаңалықтар

Ел аумағында күн қайта суытады – синоптиктер

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын жауып, күн күркірейді

Ел аумағында күн қайта суытады – синоптиктер
Көрнекі фотосурет

Бірнеше күнге созылған жылы ауа райы еліміздің шығыс облыстарында ғана сақталады. Қалған өңірлерде күн салқындап, жауын-шашынды болады деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Поволжьеде орналасқан суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Оның жылжуынан республика аумағында ауа райы өзгере бастайды. Алдағы тәулікте батыс облыстарында бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста – 9 қыркүйекте, солтүстік және орталықта 10 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген аталған хабарламада.

Жауын-шашынсыз жылы ауа райы тек шығыс өңірлерде ғана сақталады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғарғы жыраның ықпалынан әсіресе таулы және тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі.

Серіктес жаңалықтары