$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрды деген күдікке ілінді

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрды деген күдікке ілінді
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрды деген күдікке ілінді. Жәбірленуші дене жарақаттары мен сынықтармен ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 22 тамыз күні Аршалы аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухана қызметкерінен телефон хабарламасы түскен.

Белгілі болғандай, егде жастағы әйел қабылдау бөліміне қабырға астының көгерген жарақаты, оң жақтағы 9, 10 қабырғасының жабық сынуы диагнозымен түскен.

71 жастағы зейнеткерге дене жарақатын келтірген күдікті оның 1991 жылы туған ұлы болып шықты. Әйел тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккені анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары