$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысының Үштөбе қаласында 152 млн теңгеге жөнделген 3 көше опырылып жатыр

Жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталыпты

Жетісу облысының Үштөбе қаласында 152 млн теңгеге жөнделген 3 көше опырылып жатыр

Қоғам белсендісі Дидар Смағұл Facebook парақшасында бұл мәселені ортаға салып, сынға алған. Ол Үштөбе қаласының тұрғындарының жан айқайы бекер емес екенін айрықша атап өтті.

«Біз тек 152 миллион теңге жұмсалған үш көшені қарап шықтық... Аса көрнекті Қабылиса ақынның атындағы көшені 2022 ж. мамыр айында ғана бітіріп, 66 миллионнан астам қаражат төленді. Бұл масқараға өр мінезді, от ауызды, орақ тілді бабамыз қандай сөз табатынын білмеймін... Бірақ Қабекеңнің барымташыларға арналған сөздері есіме түсіп кетті:

Ұрыға құн жоқ,
Ұрыға құн болса, момынға күн жоқ.
Өзі ізденіп келіп, өлген немеге,
Маған салсаң, дым жоқ! - деген екен.

Жемқорлардың жегенін желкесінен шығарайық!» - деп жазды ол.

Осы мәселеге қатысты Azattyq Ruhy редакциясы өңір әкімдігіне сұрау жолдағанда ведомство ақпарат жиналып жатқанын, толық мәлімет жиналған соң арнайы хабарлама тарататылатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары