Қарағанды-Балқаш тас жолын салу кезінде міндетін дұрыс атқармаған қазақстандық компания жұмыстан шеттетілді
Бұған дейін созбалаңға салынған жол құрылысы қазір жанданды

Қарағанды-Балқаш тас жолын салу кезінде міндетін дұрыс атқармаған қазақстандық компания жұмыстан шеттетілді. Басты мердігер Қытай компаниясы ғана қалды. Жобадағы құрылыс консорциумына сай, басында 2 компания болған еді. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Қарағанды облыстық филиалының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін созбалаңға салынған жол құрылысы қазір жанданды. Ұзындығы 363 шақырым болатын республикалық маңызы бар трассаның 8 учаскесінде де жұмыс қызды. Жүргізушілерді әбден әбігерге салған айналма жолдардың өзі 94%-ке қысқарды.
«Аталған консорциумның қазақстандық компаниясы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін және көп шағымдар түскені үшін Қазавтожол және бас мердігер арасында келісімдер жүргізілді. Нәтижесінде дұрыс істемегендер жұмыстан шеттетіліп, қазіргі таңда «Ситиконстракшн» бас мердігер болып жұмысты жалғастыруда», - деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.