$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте мал базарының басшысына 1 млн 346 мың теңге айыппұл салынды

Тексеру кезінде дезинфекция жүргізілмейтіні де белгілі болды

Шымкентте мал базарының басшысына 1 млн 346 мың теңге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты мал базары инфекциялық аурулардың таралу қауіпі жоғары аумақ тізіміне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап .

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары базарға шығарылған төрт түлік ешқандай тексеруден өтпейді, дейді. Мұнда апта сайын Шымкент пен аудандардан жүздеген мал әкелінеді. Бірақ ветеринарлық бақылау жоқ. Тексеру кезінде дезинфекция жүргізілмейтіні де белгілі болды. Ал жергілікті әкімдік өкілдері базар аумағының жер телімі мақсатты пайдаланылмағаны үшін сотқа арызданыпты. Құрылыс-монтаж жұмыстары талапқа сай болмағаны үшін кәсіпкерге 1 миллион 346 мың теңге айыппұл салынды. Ал базар басшысы барлық кемшілікті жою үшін уақыт сұрап отыр.

 «Кәсіпкерге ешқандай зиян келтіру ойымызда жоқ, заң талаптарына сәйкес болатын болса. Біздің мақсат халықтың қауіпсіздігін сақтау. Қалаға қазір көріп отырсыздар қаншама мал кіріп жатыр. Қайдан келіп жатыр? Алыс-жақыннан келіп жатыр. Тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қандай мал келіп жатыр? Қауіпті аурудың бірі шығатын болса, бүкіл қаланы жауып тастауға жетеді», - дейді Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек.

Серіктес жаңалықтары