Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны оқ тиіп, жараланды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұрғынға оқ тиіп, жараланды. Қазір қару қолданған күндікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, Мөңке би ауылында болған оқиға қатысты тергеу басталған.
«Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қылмыстық іс бойынша күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарақат алған адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқ оның қолына тиген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.