$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыссыз ерлер көп пе, әйелдер ме: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып отыр

Ауылдық жерлерде де көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ

Жұмыссыз ерлер көп пе, әйелдер ме: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып отыр
Фотоколлаж

Қазақстанда әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі (5,3%) ерлерге қарағанда (4,4%) айтарлықтай жоғары болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Finprom.kz мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыздар саны 452 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға ғана көп көрсеткіш. Сонымен қатар ауылдық жерлерде жұмыссыздар саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 182,8 мың адамға жетсе, қалалық жерлерде керісінше, олардың саны 0,7%-ға азайып, 269,1 мың адамға жеткен.

«Қазақстандағы халықтың жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, 2022 жылдың екінші тоқсанында 4,9%-ды құрады. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде де көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ, 4,9% деңгейінде қалды. Ал қалалық жерлерде біртіндеп азая бастады – 2021 жылдың екінші тоқсанындағы 4,9% көрсеткіштен 2022 жылдың екінші тоқсанында 4,8%-ға дейін төмендеді», - дейді сарапшылар.

Гендерлік тұрғыдан да айтарлықтай алшақтық бар. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 4,4%-ға дейін өссе, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың екінші тоқсанында 5,3%-ды құраған. Дегенмен бұл өткен жылмен (5,6%) салыстырғанда біршама төмен көрсеткіш.

«Өңірлік тұрғыда 2022 жылдың екінші тоқсанында республикада жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау және Түркістан облыстарында (5,1%) тіркелді.Содан кейін 5% көрсеткішпен Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары тұр», - делінген зерттеуде.

Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Ұлытау облысында (4,2%), содан кейін Қарағанды ​​облысында (4,5%) және елордада (4,7%) байқалды.

Серіктес жаңалықтары