БҰҰ Бас хатшысы Украинадағы Запорожье АЭС аумағын қарусыздандыруға шақырды
Львовта БҰҰ Бас хатшысының, Украина және Түркия президенттерінің қатысуымен үшжақты кездесу өтті
Ресей Федерациясымен келіссөздер Ресей әскерлерінің Украина аумағынан толық шығарылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Бұл туралы Львовтағы үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша Украина басшысы Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Еуроньюс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дипломатиялық процесті қайта бастауға шақырды.
«Олар қандай да бір бейбіт келісімге дайын деген сөздер мені қатты таңқалдырады. Күн сайын адамдарды өлтіретін, зорлайтын, біздің бейбіт қалаларымызға зымырандармен оқ жаудыратын адамдар бейбітшілікті қаламайды. Алдымен олар біздің аумағымыздан кетуі керек», - деді Владимир Зеленский.
Кездесуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты. Ол астық мәмілесін жасағаннан кейін әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 9%-ға төмендегенін атап өтті.
«Біз жаһандық азық-түлік нарығын тұрақтандыру белгілерін байқаймыз, бірақ өзімізді жалған қиялмен алдаудық қажеті жоқ. Бұл өзгерістер адамдардың күнделікті өміріне, өндіріс орындарына әсер еткенге дейін әлі біраз уақыт керек. Нарықта жеткізу тізбегі әлі де ретке келмей отыр, ал энергия ресурстары мен тасымалдау құны қолайсыз болып отыр», — деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.
Ол сондай-ақ Ресей әскері басып алған Запорожье АЭС айналасындағы аумақты қарусыздандыруға шақырды, бірақ бұл ұсынысты Ресей СІМ мүмкін емес деп аталды.
Түркия басшысы да АЭС айналасындағы ұрыстың жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«Біз Чернобыльдегі оқиғаның қайталанғанын қаламаймыз. Түркия дипломатиялық шешім арқылы осы қақтығысты тоқтату үшін өз ықпалын пайдаланады. Біз украиналық достарымыздың қасында боламыз», - деді Түркия басшысы.
Ердоғанның айтуынша, Львовта көтерілген көптеген тақырыптар Кремльдің келісімін талап етеді және осы кездесудің қорытындысын ол Ресей президенті Владимир Путинмен талқылауды көздеп отыр.
18 тамыз күні шыққан видеоүндеуде Украина президенті Владимир Зеленский Түркия Харьков қаласы мен Харьков облысын қалпына келтіруді өз қамқорлығына алуға дайын екенін айтты. Бейсенбі күні ресейлік авиасоққының салдарынан қаланың 17 тұрғыны бақилық болды.