Батыс Қазақстан облысындағы мектептерге 210 мұғалім жетіспейді
Өткен оқу жылында мемлекеттік мектептердегі мұғалімдер саны 15 мыңнан астам адамды құраған
Батыс Қазақстан облысындағы мектептерге 210 мұғалім жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» басылымының жазуынша, облыста негізінен, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспей жатыр.
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, өткен оқу жылында мемлекеттік мектептердегі мұғалімдер саны 15 мыңнан астам адамды құраған.
«Бүгінде облыс мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді. Қазақ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті, математика, бастауыш сынып, ағылшын тілі мұғалімдеріне және орыс тілінде оқытатын тәрбиешілерге, психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға қажеттілік басым. Жас мамандар конкурс негізінде іріктеледі», - деді Светлана Темірғалиева.
Сонымен қатар, 2022 жылы білім беру ұйымдарының 70 директоры, оның ішінде 28 мектеп директоры ротацияланды.