$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 5 мыңға жуық үй газға қосылды

ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды

Астанада 5 мыңға жуық үй газға қосылды

Елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімдігінің хабарлауынша газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы бірінші кезектегі, сондай-ақ ішінара екінші кезектегі құрылыс аяқталды. Екінші және үшінші кезектің қалған бөлігі бойынша жұмыстар 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

«Бүгінгі күні Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы мен сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері, сондай-ақ Потанин көшесі ауданында қаланың ескі бөлігіндегі тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды», - деді Есмағұлов.

Жалпы, елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Газға 4,6 мыңнан астам үй қосылған.

Айта кету керек, ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары