Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды

Azattyq Rýhy

Жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді

Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Фото: elorda.info

Нұр-Сұлтанда EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Жәрмеңкенің бағыты: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

«Елордалық балалар тауарларына арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады», - дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сондай-ақ EXPO алаңында білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесерлері, оқыту әдістері, мектептер, сондай-ақ тренингтер мен мастер-кластар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері өткізіледі.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын айтып өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.