17.08.2022, 14:12
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады», - делінген хабарламада.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)