$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттап кеткен

Ең қымбат ұн Нұр-Сұлтанда сатылып жатыр

Елімізде ұн бағасы бір жылда 37%-ға қымбаттап кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде биылғы шілде айындағы ұн бағасы бір жылмен салыстырғанда 36,6%-ға қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Energyprom зерттеушілерінің дерегіне сәйкес, бірінші сортты ұнның 1 келісінің құны 225 теңге, ал жоғары сортты ұнның келісі 343 теңге болған.

«Жоғары сортты ұн бағасының ең қымбаты Қазақстанның ірі қалаларының ішінде Нұр-Сұлтанда (1 кг үшін 424 теңге) тіркеліп отыр. Сондай-ақ ең арзан баға Павлодарда (222 теңге) сатылып жатыр. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,6 млн тонна ұн өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5%-ға артық көрсеткіш», - дейді сарапшылар.

Өңірлік тұрғыда ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі болып отыр: 552,4 мың тонна, былтырдан 7,4% артық. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, былтырдан 10% көп) және Шымкент (141,5 мың тонна, былтырдан 14,9% аз) кіріп отыр.

Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келеді: 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ға қамтамасыз еткен. Импорт 14,4 мың тоннаны, экспорт 764,7 мың тонна ұнды құрады. Экспорттың үлесі ресурстардың 58,1%-ын құрайды. Ішкі нарықтағы сату көлемі 21,3%-ға төмендеп, 551,7 мың тонна болды. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы экспорт ақшалай түрде бір жылда бірден 86,8%-ға – 292,6 млн АҚШ долларына дейін өскен.

«ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Қазақстандық ұнның басым бөлігі – 158 мың тонна Өзбекстанға жөнелтілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6%-ға артық көсрекіш. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кіреді», - дейді мамандар.

ТМД-дан тыс елдерге 223,7 млн ​​доллардың 552 мың тонна ұны жөнелтілді. Бұл ұн көлемінің барлығы дерлік – 551,5 мың тоннасы Ауғанстан үлесіне тиіп отыр, бұл– бір жыл бұрынғыдан 47,1%-ға артық көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары