$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 8 қаулысы күшін жойды

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдетілді
фото: ktk.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордада коронавирус инфекциясының профилактика шараларын жеңілдететін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маска тағу ұсынылады:

адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.) барған жағдайда;

ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде;

сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде.

Бұған қоса мемлекеттік мекемелер мен бизнеске:

тұрғындар арасында коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тұрғындар арасында коронавирусты инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жүргізу жүктеді.

Серіктес жаңалықтары