$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда электрлі самокаттардың тұрағы пайда болды

Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақорны  белгіленеді

Алматыда электрлі самокаттардың тұрағы пайда болды
фото: Алматы қ. әкімдігінен

Алматы көшелерінде электрлі самокаттардың тұрағын белгілейтін арнайы белгілер пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалсы әкімдігінің хабарлауынша, бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалуда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалатын болады.

Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен боялған.  Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беру сервисінің операторы арасында меморандумға қол қойылған. Құжат электрлі самокаттардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апатты азайтуды көздейді.

Серіктес жаңалықтары