16.08.2022, 15:17
Жаңалықтар
Елімізде ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді
Саладағы барлық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, осы жұмыстың қорытындысы бойынша ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді.
«Ол ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін анықтау; ветеринария саласындағы цифрландыру және автоматтандыру; ветеринария саласында кадрлар даярлау; жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру; ветеринариялық қызметтер деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату; Қазақстанның ветеринария саласындағы заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру сынды шараларды қамтиды. Жоғарыда аталған барлық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - деді спикер.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды