Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты
Оның айтуынша, Қазақстанда тігілген костюмнің құны 35 000 теңге тұрады
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, Қазақстанда тігілген костюмнің құны 35 000 теңге тұрады.
«Ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Жаңа оқу жылына дайынбыз деп айта аламыз. Бағасына келсек, 35 мың теңгедей жұмсадық. Glasman дүкенін алдық. Халық көп болды, біз де басқалар сияқты кезекте тұрып, киімді өлшеп көріп, 36 өлшемдегі форманы алдық», – деді министр тілшілер сауалына.
Еске салайық, министр Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында оқу жылын неліктен ұзарту керек екенін айтқан болатын. Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің шұғыл отырысында оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім бекітілген болатын.