$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Студенттер үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағасын реттеуді сұраймыз – министр

Биыл жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан асуы мүмкін

Студенттер үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағасын реттеуді сұраймыз – министр
Фото ашық дереккөзден

Елімізде 28 ЖОО білім алушыларды 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – 15 122, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде – 4 000, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар», – деді министр.

Жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне байланысты тұрғын үйлерді жалға беру бағасы да қымбаттауы мүмкін. Бұдан бөлек, ведомство басшысы теміржол көлігі мен авиабилеттердің бағасы да шарықтағанын атап өтті.

«Бұл – кешенді мәселе. Оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО-ларда білім алушылар үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағасын реттеуді сұраймыз. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» АА-мен бірлесіп, темір жол және авиакөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша рейстерді қосу және билеттердің бағасын реттеу жөніндегі мәселені пысықтау туралы ұсыныс енгіземіз», – деді Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары