$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ХҚКО мүмкіндігі шектеулі адамдарға құжат бергені үшін заңсыз ақша ұстаған

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады

ХҚКО мүмкіндігі шектеулі адамдарға құжат бергені үшін заңсыз ақша ұстаған
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндігі шектеулі адамдардан паспорттар мен жеке куәліктер бергені үшін мемлекеттік баждарды негізсіз алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтардың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта полиция органдарымен бірлесіп төленген мемлекеттік баждарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Талап етілген баждардың жалпы сомасы 1 345 000 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары